|
|
|
Жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы (2013.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 ақпандағы № 246 қаулысын жүзеге асыруды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Жекешелендіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынған мұнайгаз және көлік-коммуникация кешендеріндегі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт жүйелерінің кәсіпорындарындағы жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламалары бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетімен, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесіп Ұлттық мұнай компанияларын құру туралы мәселені қарасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті, облыстар мен Алматы қаласының әкімдері салалық министрліктермен бірлесіп жоғарыда бекітілген бағдарламаларға сәйкес жекешелендіру мен қайта құрылымдауды жүргізуді қамтамасыз ететін болсын. 4. ҚР Үкіметінің 1999.08.19. № 1198 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысымен бекітілген
Мұнайгаз және көлік-коммуникация кешендеріндегі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда
Секторлық бағдарламалар «Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 ақпандағы № 246 қаулысын жүзеге асыруды жеделдету мақсатында жасалды. Оларда қайта құрылымдаудың тәртібі мен дәйектілігі, жекешелендіруді жүргізуге принципті ыңғайлар айқындалады. Мұнайгаз және көлік-коммуникация кешендері, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спорт кәсіпорындарын жекешелендіру процесін жеделдетудің негізінде Қазақстан Республикасының экономикасында жеке сектордың басымдығына қол жеткізу және оны нығайту осы бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді: меншік нысандарын құрылымдық қайта құруды аяқтауды; нарықтық принциптерге сәйкес тиімді басқарудың жаңа әдістерін айқындауды; инвестицияларды таратудың мүмкіндіктерін кеңейтуді; кәсіпорындардың ТМД рыногындағы және дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуді; бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыруды шешу қажет.
Мұнайгаз кешені
Қазақстан Республикасында мұнайгаз секторы жоғары экспорттық әлеуетімен сипатталады және көмірсутегі шикізаты қорларының айтарлықтай ауқымына ие. Алайда сала дәстүрлі түрде капиталды көп қажет етуші болып және ішкі ресурстардың шектеулілігіне байланысты қаржыландырудың сыртқы көздерін тартуды қажет етеді.
ҚР Үкіметінің 1999.08.19. № 1198 Қаулысымен бөлім өзгертілді Мұнайгаз кешені кәсіпорындарын қайта құрылымдауға
Мұнайгаз салаларының мұнайгаз өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарын жекешелендіру (1-қосымша), жекешелендіруге жатпайтындарын қоспағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жеке жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады. Уақыттың белгілі бір кезеңінде саладағы акционерлік қоғамдардың акциялары пакетінің 30% мемлекетте сақтау көзделуде. Инвесторлардың шеңберін кеңейту мақсатында акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерінің бөлігін қор биржаларына орналастыру көзделіп отыр. Әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдардың баланстарынан жергілікті атқарушы органдардың баланстарына беру жөніндегі жұмыстар аяқталатын болады. Кәсіпорындарды («Ақтөбемұнайгаз» АҚ басқа) қайта құрылымдауды жүргізу кезінде көмекші бөлімшелер бөлу және оларды мүліктік кешен ретінде сату, сондай-ақ олардың базасында акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке және бірлескен кәсіпорындар түрінде сервистік компаниялар құру көзделуде. Акциялардың мемлекеттік пакетін сату арқылы геофизикалық ұйымдарды жекешелендіру жалғастырылатын болады. Табиғи газды тасымалдау мен сақтауды қамтамасыз ететін «Қазақгаз» МХК мен «Алаугаз» АҚ газкөлік жүйелерінің объектілері мүліктік жалға (концессияға) беріледі.
ҚР Үкіметінің 1999.08.19. № 1198 Қаулысымен бөлім өзгертілді Мұнайгаз кешенін мемлекеттік басқару жүйесін қайта ұйымдастыру
1997 жылдың 1 тоқсанында «Мұнайгаз» МХК қайта ұйымдастыру аяқталатын болады. Біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорындағы мемлекеттік үлестерді, мұнайгаз саласындағы акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен кәсіпорындағы мемлекеттік үлестерге басшылықты жүзеге асырушы шаруашылық жүргізуші субъектілер құру туралы мәселе қаралатын болады. Қолданылып жүрген арнаулы құбыр желілері мемлекеттік меншікте қалады. 1997 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық газ шаруашылықтарындағы акционерлік қоғамдарды жекешелендіру аяқталатын болады.
Көлік-коммуникация кешені (ККК)
ККК мынадай салалардан: автомобиль, теміржол, әуе, өзен және теңіз көліктерінен, автомобиль жолдарынан, сондай-ақ почта байланысы мен телекоммуникациялардан тұрады. Осы салалардың әрқайсысының мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға қол жеткізу мақсатында есепке алу қажет болатын өз ерекшеліктері бар.
ҚР Үкіметінің 1999.08.19. № 1198 Қаулысымен бөлім өзгертілді Көлік-коммуникация кешенін жекешелендіру мен қайта құрылымдауға негізгі ыңғайлар
Автомобиль көлігі. Жекешелендірудің нысаны ретінде автомобильдерді сату жөнінде аукциондар, сондай-ақ автокөлік кәсіпорындары акцияларының мемлекеттік пакеттерін сатудың түрлі нысандары пайдаланылатын болады. Автокөлік кәсіпорындарын жекешелендіру кезінде дербес техникалық қызмет көрсету станциялары түрінде жөндеу аймақтары бөлінуі, сондай-ақ әкімшілік аппараттардың базасында экспедициялық және консальтингтік фирмалар құрылуы мүмкін. Бұл шаралар үш дербес шаруашылық жүйелерін: жеке тасымалдаушыларды; сервис жүйелерін (ТҚС мен автомобильдер жөндеу желілерін, жанармай станциялары желілерін); экспедициялық қызмет көрсету ұйымдарын құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалалық жолаушылар көлігі кәсіпорындарын акционерлік қоғамдарға одан әрі қайта құруды жалғастыру. Жекешелендіру нысандарын айқындау кезінде оларды кейін конкурстық негізде атаулы сату арқылы бұл кәсіпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімді басқаруға берген жөн. Электр көлігі кәсіпорны бірыңғай мүліктік кешен ретінде қайта құрылады. Әскери үлгідегі автоколоналарды басқару үшін республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылды. Автовокзалдар мен автостанциялар кейін акцияландыру және акцияларын конкурстық негізде сату арқылы облыстық жолаушылар автобасқармаларының құрамынан шығарылатын болады. Теміржол кешені. Арналы темір жолдар табиғи монополияға объектілері ретінде біріктірілетін болады және мемлекеттің ерекше меншігінде қалады, 1997 жылдың ақпанында барлық мемлекеттік темір жолдарды басқару жөніндегі темір жолдардың республикалық мемлекеттік дерекциясын құру бойынша жұмыс аяқталатын болады. Сонымен бір мезгілде базасында бірнеше бәсекелес компаниялар құрылатын вагон паркі темір жолдың құрамынан шығарылады. Оның үстіне темір жолдарға қызмет көрсететін кәсіпорындарды жекешелендіру жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ әлеуметтік сала объектілері жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Осылайша жұмысшы жабдықтау бөлімдері бойынша - үстіміздегі жылдың І тоқсанында оларды кейін аукциондарда сату арқылы ірі қалалардағы бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерін бөліктеу аяқталатын болады. Медицина мекемелері бойынша - темір жол желілеріне қызмет көрсететін жылжымалы дәріханаларды қоспағанда, темір жол дәріханаларын жекешелендіру жалғастырылатын болады. Темір жол ауруханаларын жекешелендіру жөніндегі жұмыстар басталады. Вагон жасау заводтары мен шпал жасау және оларға май сіңіру жөніндегі кәсіпорындарды жекешелендіру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Қиыршық тастар заводтары бойынша - акциялардың мемлекеттік пакеттері қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толық көлемде сатылатын болады. Темір жолдардың қызметі аз учаскелері, жіңішке жолды жерлер олардың шығындылығына, сондай-ақ оларды ұстауға қаражаттың және инвестициялардың болмауына байланысты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Жаңа-Семей-Конечная, Атбасар-Краснознаменка, Тобыл-Жітіқара, Маңғышлақ-Өзен, Мақат-Индер жекешелендіруге берілетін болады. Жекешелендірілген вагон жөндеу заводтары 3-қосымшада көрсетілген. Авиация. «Эйр Қазақстан» жабық үлгідегі акционерлік қоғамын құру жөніндегі ұйымдастыру шаралары аяқталатын болады. «Қазақстан әуе жолы» ҰААК құрамынан республиканың барлық авиакомпаниялары мен шетелдік авиакомпанияларды әуе трассалары туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін аэронавигациялық ақпараттар қызметі бөлініп шығарылатын болады. Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл және басқа да облыстық авиакәсіпорындардың базасында авиакомпаниялар құру жөніндегі жұмыстар жалғасады. Авиажөндеу заводтары жеке жобалар бойынша жекешелендіретін болады. Су кешені. Су көлігі бойынша жекешелендіру бағдарламасында өзен айлақтарын, көлік сүйреу, жүк, жолаушылар және жанармай кемелерін, жолаушылар вокзалдарын, арналы каналдардағы шлюздерді қоспағанда, өзен пристандарын жекешелендіру көзделеді. Семейдің кеме жөндеу - кеме жасау заводы, Қапшағай мен Глубоков кеме жасау - кеме жөндеу шеберханалар шаруашылық серіктестіктерінің түрлі нысандарына қайта құрылатын болады. Автомобиль жолдары. Ортақ пайдаланатын қазыналық автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте қалады және өзінің маңызы бойынша республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары коммуналдық меншікке беріледі. Жекешелендіруге ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері: жекелеген жеке объектілерге (демалыс үйлеріне, курорттарға, жекелеген кәсіпорындарға) кірме жолдар, автомобиль жолдарының қосалқылары, жаңа жеке жолдар салынатын жер учаскелері, қорғаныс тұрғысындағы жолдардың тізбесіне кіргізілмеген басқа да жолдар жатады. Байланыс. «Қазақтелеком» ҰАК құрамынан Қазбайланыс комплектісі мен Қазбайланыс НПИ, Алматы радиотелехабарларын беруші станциясы шығарылды. Жергілікті органдардың балансына әлеуметтік сала объектілері берілді. Аталмыш саланы одан әрі жекешелендіруді тендерде немесе қорлық биржада сату арқылы Үкімет айқындайды. Соталық байланыс жүйелерін қайта ұйымдастыру жөніндегі жұмыс 1997 жылдың І тоқсанында аяқталады. Почта мемлекеттік кәсіпорын болып табылады және жекешелендіруге жатпайды.
ҚР Үкіметінің 1999.08.19. № 1198 Қаулысымен бөлім өзгертілді Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі жүйелерінің кәсіпорындары
Жеке жобалар бойынша жекешелендіру, акциялардың мемлекеттік пакеттерін атаулы сату, сондай-ақ ақша аукциондары мен қор биржаларында акциялар сату тау-кен - металлургия, машина жасау және химиялық кешендерді жекешелендірудің негізгі нысаны болып табылады. Негізгі өндіріс объектілеріне қатысты жекешелендіру алдындағы шаралар ретінде акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімді басқаруға беру, ал жекелеген кәсіпорындар бойынша - олардың күні бұрынғы санациясы қолданылатын болады. Қорғаныс кешенінде қорғаныс өнеркәсіптерін дамыту және конверсиялау мемлекеттік бағдарламасына негізделген кәсіпорындарды реформалау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады, бұл кәсіпорындарды жекешелендіру жеке жобалар бойынша жүзеге асырылады. Көптеген тау-кен - металлургия, машина жасау және химиялық кешендер мен жеңіл өнеркәсіп акционерлік қоғамдарында акциялардың мемлекеттік пакеті акционерлік қоғамдардың жарғылық қорының 1/3-тен азын құрайтындығын назарға ала отырып акциялардың қалған мемлекеттік пакеттерін ашық саудаластықтарда және қор биржалары арқылы сату жолымен өткізу көзделуде. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес экономикалық тұрғыдан дәрменсіз кәсіпорындар кейін мүлкі аукциондық сату арқылы таратылады. Кейбір кәсіпорындар жекешелендірудің алдында күнібұрын қайта құрылымдануы тиіс. Объектілерді жекешелендіру мен қайта құрылымдау: ірі инвесторлардың келуіне және өнеркәсіпте ірі конгломераттарды құруға ықпал ететін технологиялық желімен байланысқан өнеркәсіптің түрлі салаларының кәсіпорындарын бірге жекешелендіруді; акциялардың мемлекеттік пакетін, оның ішінде халыққа, қор биржасы арқылы сатуды; фирмалардың меңгерушілері сенімді басқаруға берілген кәсіпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерін атаулы сатуды жүргізуін; машина жасау кәсіпорындары акцияларының мемлекеттік пакетін өндірістің баяулауын тоқтатқандарға және нарықтық экономикадағы өзінің орнын тапқандарға тендерлік негізде сенімді басқаруға беруді көздейді. Жоюға ұсыныс жасалған кәсіпорындардың тізімі 6-қосымшада ұсынылған.
Денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт жүйесі
Денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт жүйесіндегі жекешелендіру мен қайта құрылымдау жеке секторды дамытуға және мемлекет кепілдендірген халыққа арналған ең төменгі белгіленген қызметті сақтай отырып бұл саладағы берушілер қызметінің жоғары дәлелділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қосымша ресурстарды тартуға бағытталған бұл салалардағы мемлекеттің іс-әрекеті ерекшеліктерге негізделуі және олардың әлеуметтік маңыздылығын ескеруі тиіс. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мынадай принциптерге: салалардың жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымдарын оңтайландыруға; бұл салаларда нарықтық құрылымдар құруға және бәсекелестікті дамытуға; объектілерді және оларды жекешелендірудің нысандарын таңдау кезінде республика аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін есепке алуға базаланатын болады.
Денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт объектілерін жекешелендіру мен қайта
Бағдарлама денсаулық сақтаудың, білім берудің, ғылымның, мәдениет пен спорттың барлық объектілерін екі топқа: жекешелендіруге жататын объектілерге және жекешелендіруге жатпайтын объектілерге бөлуден тұрады. Ерекше мемлекеттік меншіктегі және жекешелендіруге жатпайтын объектілерге: денсаулық сақтау саласында - қан құю жөніндегі, онкологиялық, туберкулездік, ВИЧ инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратындарды емдеу жөніндегі объектілер; ғылым саласында - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғылыми-техникалық сала объектілерін жекешелендіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынған («Ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру бойынша ұйымдастыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 шілдедегі № 923 қаулысына сәйкес) ғылыми-техникалық сала мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің және Мемлекеттік тергеу комитетінің бағдарламалары бойынша жұмыс істейтін ғылыми мекемелер; мәдениет саласында - мемлекеттің қорғауындағы тарихи және мәдени мұралар объектілері (тұрғын үй және азаматтық сәулет объектілері); спорт саласында - «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы олимпиадаға дайындық базаларының мүліктік кешені жатады. Ерекше мемлекеттік меншіктегі және жекешелендіруге жатпайтын объектілердің атаулы тізбесіне кіргізілген объектілерді қоспағанда, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт объектілері жекешелендіруге жатады. Объектілерді жекешелендіру немесе акциялардың мемлекеттік пакеттерін кейін сата отырып акционерлік қоғамдар құру жолымен немесе мүліктік кешендерді жеке заңды және жеке тұлғаларға тендерлік сату жолымен жүзеге асырыла алады. Объектілер мен мүліктік кешендерге төлем қабілеті бар сұраным болмаған жағдайларда мүлікті шарттардың негізінде сенім білдірілген басқаруға немесе объектінің қызметі бейінін сақтау талабымен сатып алу құқығы арқылы мүліктік жалға беруге болады. Объектіні күні бұрын акционерлік қоғамға қайта ұйымдастыру туралы шешім экономикалық және әлеуметтік дұрыстығына орай тек қайта құрылатын объекті мүлкінің құны акционерлік қоғамның заңмен белгіленген мөлшерлердегі жарғылық қорын құруға мүмкіндік беретін жағдайларда ғана қабылданады. Денсаулық сақтаудың, білімнің, ғылымның және мәдениеттің жекешелендіруге жататын мемлекеттік меншіктегі объектілерінің құнында жекешелендірілетін объектінің қызметкерлері жасаған интеллектуалдық меншік пен өзге де материалдық емес қаржылардың құны да ескеріле алады. Мұндай жағдайда жекешелендіретін объектінің интеллектуалдық меншіктің (өзге де материалдық емес қаржылардың) құнына меншік үлесі аталған интеллектуалдық меншіктің (өзге де материалдық емес қаржылардың) иесіне (иелеріне) тиесілі болады. Акционерлік қоғамдардың жарғылық қорына мемлекеттік мүлікпен қатар белгіленген тәртіппен тиісті бағалаудың негізінде денсаулық сақтау, білім, ғылым және мәдениет мекемелерінің базасында құрылған осы мекемелер қызметкерлерінің жеке интеллектуалдық меншігін де кіргізуге рұқсат етіледі. Жекешелендірілген денсаулық сақтау және білім объектілерінде жұмыс істейтін адамдардың кәсіби даярлығы, ал мекемелердің өздерінің - тиісті мемлекеттік лицензиялары болу қажет.
ҚР Үкіметінің 1999.08.19. № 1198 Қаулысымен бөлім өзгертілді Денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт объектілерін жекешелендірудің шарттары
Сату аукционда бейінін сақтаусыз жүргізіле алатын объектілерден басқа денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт объектілерін сату міндетті келісілген шарттармен аукцион мен тендер арқылы ашық саудаластықтарда жүргізіледі. Жоғарыда аталған объектілерді жекешелендіру кезінде: объекті қызметінің бейінін сақтау; халыққа қызмет көрсетудің аралас режимі, яғни ақылы қызмет көрсетумен қатар, мемлекет кепілдендірген қызмет көрсетудің ең төменгі көлеміне дейінгі міндетті қаржыландыру арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен көрсетілетін қызметтің белгіленген көлемін қамтамасыз ету; егер аталған интеллектуалдық меншік жекешелендірілетін объектінің қызметіне одан әрі пайдаланылатын жағдайларда, қызметкерлерге интеллектуалдық меншік құнының мөлшерінде өтемақы төлеу; объекті қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; денсаулық сақтаудың, білімнің, ғылымның, мәдениет пен спорттың жаңа бағыттарын әзірлеу және оларды дамыту - тендерлік сатудың шарттары болуы тиіс. Объектілерді сенімді басқаруға (мүліктік жалдау) берудің міндетті шарттары мыналар болуы тиіс: объект қызметінің бейінін сақтау; халыққа қызмет көрсетудің, яғни республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен көрсетілетін, мемлекет кепілдендірген ең төменгі көлемге дейін міндетті жете қаржыландырумен ақылы қызмет көрсетумен қатар, қызмет көрсетудің тіркелген көлемін қамтамасыз етудің аралас режимі; мемлекеттік бюджеттен алынатын қаржыны қысқарту. Денсаулық сақтау объектілері үшін: шұғыл медициналық көмек көрсету; міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын, сондай-ақ денсаулық сақтаудың бюджеттік қаражаттарынан қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету - қосымша шарттар болуы тиіс. Білім беру объектілері үшін қосымша шарттарда бюджеттік қаржыландырудың шегінде білім беру қызметінің мемлекет кепілдендірген көлемін көрсету көзделуі тиіс. Жалпы білім беру мекемелері, кәсіптік-техникалық мектептер, мектептен тыс мекемелер Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен жекешелендіріледі.
Денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спорт жүйесіндегі жекешелендірудің негізгі кезеңдері
1997 жылдың ішінде 7-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт объектілері жекешелендіруге жатады. 1997 жылдың ішінде 8-қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық сала объектілері жекешелендіруге жатады. Жекешелендіруге жатпайтын денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жүйелері объектілерінің атаулы тізбесі 9-қосымшада ұсынылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті және облыстар мен Алматы қаласының әкімдері заңмен белгіленген тәртіппен жекешелендіруге жататын объектілердің атаулы тізбесіне сәйкес денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт объектілерін жекешелендіруді және қайта құрылымдауды жүзеге асырады.
Қосымшалардың мемлекеттік тілдегі аудармасы жоқ болғандықтан, орыс тіліндегі нұсқадан қараңыз
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |