Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат, 2010 ж., № 46, 416-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы сәуірдің 18-сі.
№ 553
Президентінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 553 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ПРОТОКОЛЫ
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы (бұдан әрі - Мемлекеттік протокол) қалыптасқан халықаралық практикаға сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми іс-шараларды өткізудің рәсімдік қағидаларын реттейді. 2. Мемлекеттік протокол бірыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын белгілейді және қамтамасыз етеді, мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізген кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының протоколдық үлкендік реті қағидатын Мемлекеттік протоколға 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітеді және протоколдық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының орындауы үшін міндетті болып табылады. 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) жүзеге асырады.
І-тарау. Шетелдік делегациялар сапарларының жіктелуі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|