ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60 және 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыға қойылатын сертификаттық талаптары (бұдан әрі - Сертификаттық талаптары) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру (телнұсқасын) немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2013.30.12. № 1426 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|