Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2013 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелері бекітілсін. 2. «Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 363 Жарлығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы тамыздың 26-сы.
№ 861
Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
1. Республикалық бюджет жобасын әзірлеудің осы ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық бюджет жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды. 2. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын; 2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясында қарауды; 3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді. 4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|