Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысымен бекітілген
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
1. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі - өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы не ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспортында (бұдан әрі - паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады: 1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің) атауы; 2) өндірушіні мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, куәлікті берген органның атауы; 3) өндірушінің заңды мекенжайы; 4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған жағдайда оның деректерін (тегін, аты-жөнін, қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек); 5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда); 6) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес табыс ету кезінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|