Осы редакция 2013 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру»
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережесінің 12-тармағы 1-тармақшасы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Автомобиль жолдары комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде); 2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) мемлекеттік қызметті алушы үшін аумақтық орган ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде; 4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|