Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын. 2. Ғылым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
Ұлттық ғылыми кеңестер ғылымның мынадай бағыттары бойынша құрылады: 1) энергетика; 2) шикізат пен өнімді тереңдетіп қайта өңдеу; 3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; 4) өмір туралы ғылым; 5) елдің зияткерлік әлеуеті.
Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленген және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - Кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы орган болып табылады. 3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады. 4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі - Кеңестердің жұмыс органы) Кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің міндеттері мен функциялары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|