|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 21-і.
№ 585
Президентінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 585 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заң) 7, 15-19, 22, 24, 29-37-баптарында, 5, 6 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) іріктеу комиссиясы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери бөлімдерінде (мемлекеттік мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия; 2) штаттық-лауазымдық санат - әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ.
2.Әскери қызмет өткеру
3. Бейбіт және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында, жоғары оқу орындарының әскери факультеттерінде (бұдан әрі - әскери факультеттер) оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызметі бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды. 4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сәйкес Қарулы Күштерде келісімшарт бойынша ерікті тәртіппен немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді. 5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және олар әскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін. 6. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға (бітімгершілік операцияларына), жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, терроризмге қарсы операцияларға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайды. 7. Әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртіптік жарғыда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы
8. Әскери қызметтің басталуы: 1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін - жергілікті әскери басқару органынан (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту) орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шыққан күн; 2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін - бөлім жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығы шыққан күн; 3) техникалық және кәсіптік орта, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түскендер және бұрын әскери қызметте болмағандар үшін - әскери оқу орны (әскери факультет) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күн, ал орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орнына түскен кезде - оқуға жіберу туралы уәкілетті орган басшысының бұйрығы шыққан күн болып саналады. 9. Әскери қызмет мерзімдері «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген және: 1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін - әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің аяқталу мерзімінің соңғы айының соңғы күнінен кешіктірілмей; 2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін - егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, келісімшарттың аяқталу мерзімінің соңғы айының тиісті күні аяқталады. Әскери қызмет мерзімінің аяқталуы ондай күн болмайтын айға тура келген жағдайларда көрсетілген мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады. Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына) байланысты әскери қызметші әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады. 10. Әскери бөлімді немесе әскери қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ гауптвахтада ұстау түріндегі жазасын өтеу уақыты әскери қызметшінің әскери қызмет мерзіміне есептелмейді. Әскери бөлімді немесе әскери қызмет орнын өз еркімен тастап кету кезеңінің басталуы әскери қызметшінің әскери бөлім немесе қызмет орны орналасқан жерді нақты тастап кеткен уақыт, сол сияқты оның белгіленген мерзімде қызмет орнына негізсіз келмеуі, аяқталуы - әскери қызметшінің әскери бөлімге, әскери басқару органдарына немесе құқық қорғау органдарына келуі не оны ұстау уақыты болып табылады. 11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің жалпы ұзақтығы (еңбек сіңірген жылдары) оның әскерге шақыру бойынша, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметінің барлық уақытын қамтиды. Әскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік және жеңілдік есептеумен жүргізіледі.
4. Келісімшарт жасасу және оның қолданысын тоқтату
12. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты ерікті түрде Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің уәкілетті лауазымды адамымен жазбаша түрде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша: 1) жоғары офицерлер құрамының штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтындарды қоспағанда, уәкілетті органның бірінші басшысымен; 2) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамдарының, офицерлер құрамының (жоғары офицерлер құрамын қоспағанда) штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар - әскери бөлім командирінен (мемлекеттік мекеме басшысынан) және одан жоғары тиісті уәкілетті лауазымды адаммен; 3) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік орта, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түсетіндер - осы оқу орнының бастығымен; 4) Қазақстан Республикасында әскери факультетке түсетіндер - әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің бастығымен; 5) басқа мемлекеттің орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түсетіндер - шетелде оқу мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің бастығымен жасалады. Атқаратын лауазымдарында әскери қызмет өткеретін адамдармен келісімшарттар осы тармақтың 1), 2) тармақшаларына сәйкес жасалады. 13. Келісімшарт әскери қызметке келісімшарт бойынша кірген кезде жасалады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшімен жаңа келісімшарт: 1) Заңның 19-бабында айқындалған құрам өзгерген; 2) әскери оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған; 3) Заңның 39-бабының 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскенге дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіні теріс себептер бойынша шығару үшін негіздеме болып табылмайтын әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылған; 4) әскери қызмет мерзімі ұзартылған; 5) бір уәкілетті органнан басқасына ауыстырылған жағдайларда жасасылады. 14. Келісімшарт кемінде екі данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және оны жасасқан адамдар қол қояды. Келісімшарт жасасқан лауазымды адамның қолы мөрмен расталады, бұл ретте бірінші данасы келісімшарт жасасқан адамның жеке ісіне тігіледі, ал екінші данасы оған қолын қойғызып беріледі. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, олардан босату, шығару, сондай-ақ оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан әрі - лауазымды адамдар тізбесі) сәйкес осы құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның бұйрығы шыққан күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымды адамдар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді. 15. Келісімшарт Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда қолданысын тоқтатады. Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар әскери қызметшілер Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жасқа толғанға дейін қолданылады. 16. Одан әрі келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген әскери қызметші қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын мерзімінде белгіленген тәртіппен әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеменің басшысына) жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді. Лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осы құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді және әскери қызметшінің назарына жазбаша түрде қолын қойғызып жеткізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда әскери қызметшінің назарына бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама қолын қойғызып жеткізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен шығу туралы шешім қабылдаған әскери қызметші келісімшартты қолдану мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын уәкілетті лауазымды адамды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етеді. Әскери қызметші жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста немесе ол үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша қосымша демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталған жағдайда әскери қызметші демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде жаңа келісімшарт жасасады немесе осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери қызметтен шығарылады. 17. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиісті лауазымдағы әскери қызметті келісімшарт жасамай өткереді. Олардың келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мәртебесі сақталады. Көрсетілген лауазымға тағайындалғанға дейін әскери қызметшілердің осы санатымен жасалған келісімшарттардың қолданысы тоқтатылады. 18. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметші лауазымынан босатылғаннан кейін ол осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.
5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар
19. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау; 2) медициналық куәландырудан өту; 3) дене дайындығы деңгейінің сәйкес келуін айқындау; 4) кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау; 5) психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту. 20. Әскери қызметте болмаған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеменің басшысына) өтініш береді. Республикадан тыс жерлерде тұратын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ғана өтініш береді. 21. Өтініште: 1) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның туған күні, айы мен жылы, тұрғылықты жері; 2) азамат келісімшарт жасасуға ниет білдірген уәкілетті органның атауы, әскери бөлім (мемлекеттік мекеме); 3) келісімшарт жасасу көзделетін мерзім көрсетіледі. Өтінішпен бірге азамат: 1) белгіленген үлгідегі бланкіде сауалнама деректерін; 2) өзі қол қойған өмірбаянын; 3) жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін; 4) білімі туралы құжаттарының көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелерін); 5) бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесін; 6) сотталмағандығы туралы анықтаманы; 7) салық органының табысы туралы декларацияны қабылдағаны туралы анықтаманы; 8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездемені ұсынады. Құжаттарды қабылдаған кезде тиісті лауазымды адам құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқаларымен салыстырады (салыстыру үшін ұсынған жағдайда) және түпнұсқаларды азаматқа қайтарады. Әйелдерді қоспағанда, бұрын әскери қызмет өткермеген, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқымаған адамдар Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған білім беру ұйымында әскери даярлықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады. 22. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі. Өтініші тіркелген және қарауға қабылданған азамат келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кандидат (бұдан әрі - кандидат) болып табылады. Кандидаттың Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тексеріледі. Уәкілетті органдарда кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды. 23. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуді көздейтін әскери қызмет өткеру үшін кандидаттарға заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру жүргізіледі. Оларға мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру аяқталғаннан кейін осы кандидаттарды әскери қызметке қабылдау жүргізіледі. Мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеруді ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдерге (мемлекеттік мекемелерге) жүктеледі. 24. Жергілікті әскери басқару органы немесе әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) кандидатқа жеке іс ресімдейді. 25. Кандидаттарды медициналық куәландыру (Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына әскери қызметке кіретін азаматтардан басқа) екі кезеңнен тұрады: 1) алдын ала медициналық куәландыру - тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдардың дәрігер мамандары жүргізеді; 2) қорытынды медициналық куәландыру - әскерге шақыру (тіркеу) медициналық комиссияларының жұмысы кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарында, сондай-ақ Қарулы Күштер әскери-медициналық бөлімдері мен мекемелерінің әскери-дәрігерлік комиссиясы жанында жүргізіледі. Уәкілетті органдар басшыларының келісімі бойынша кандидаттарды медициналық куәландыру ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, әскери-медициналық бөлімдер мен мекемелерде жүргізілуі мүмкін. 26. Медициналық куәландырудан өту тәртібі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу 27. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) іріктеу комиссиясы қарайды. Іріктеу комиссиясы кандидат білімінің ол қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына, кандидаттың дене дайындығының уәкілетті органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға, кәсіби және психологиялық іріктеу деректері негізінде лауазымға тағайындалу үшін кандидаттың кәсіби жарамдылығының сәйкес келуін тексереді. Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды тиісті мамандар жүргізеді. Бұл ретте тексерілетін кандидаттардың зияткерлік даму деңгейі, әскери қызмет өткеруге психологиялық тұрғыдан жарамдылығы, әскери қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке басының қасиеттері бағаланады. Іріктеу комиссияларын құру және оның жұмыс тәртібін, кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды. 28. Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша нақты әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың біреуі шығарылады: 1) «ұсынылады»; 2) «шартты түрде ұсынылады»; 3) «ұсынылмайды». Кандидат «шартты түрде ұсынылады» деген қорытынды алған жағдайда, оның нәтижелері бойынша осы тармақтың 1) немесе 3) тармақшаларында айқындалған қорытындылардың бірі шығарылатын психологиялық іріктеуден қайта өту мүмкіндігі беріледі. 29. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарға қатысты арнайы тексеру Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіпте жүргізіледі. 30. Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарына, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер арсеналдарындағы, базалары мен қоймаларындағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуымен байланысты лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарға қатысты психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып арнайы тексеру жүргізіледі. Психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізуді құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органдар ұйымдастырады. Қызметке кіру кезінде психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізу ұйымдастырылатын лауазымдардың тізбесін, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайды. 31. Кандидатты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіздер: 1) Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келмеуі; 2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін арнайы тексеру нәтижелері немесе кандидаттың оны өтуден бас тартуы; 3) дене дайындығы деңгейі бойынша талаптарға сәйкес келмеуі; 4) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізу нәтижелері болып табылады.
6. Әскери қызметшілер қатарынан келісімшарт бойынша әскери
32. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметші әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеменің басшысына) (офицерлер құрамының әскери қызметшісі - әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын) баянат береді. 33. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметшінің баянаты тіркеледі және әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) қарауға қабылдайды. Әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянатын қарайды және он жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды. Баянаты қарауға қабылданған әскери қызметші кандидат болып табылады. 34. Әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) баянатты қарап: 1) кандидатты медициналық куәландырудан өткізу туралы; 2) кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіпте арнайы тексеруді жүргізу туралы; 4) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарындағы әскери лауазымдарға, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер арсеналдарындағы, базалары мен қоймаларындағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаумен байланысты лауазымдарға кандидаттармен психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізу туралы; 5) кандидаттың білім, кәсіби және дене дайындығы деңгейінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру туралы; 6) әскери бөлім аттестаттау комиссиясының әскери қызметшінің кандидатурасын қарауы туралы нұсқаулар береді. 35. Кандидат мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмысты көздейтін лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін қаралған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру жүргізіледі. Осындай кандидаттармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу және әскери лауазымға тағайындау олар бойынша мемлекеттік құпияларға рұқсаттамаға арнайы тексеру аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі. 36. Кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретіндер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы шешімді әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) аттестаттау (іріктеу) комиссиясының ұсынымы бойынша әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) командирі қабылдайды және оның тікелей бастығы (командирі) бекітеді. Шешім әскери қызметшіге қол қойғызып жеткізіледі. 37. Ресімделгеннен кейін құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келісімшарт жасасу үшін уәкілетті лауазымды адамға қарауға ұсынылады.
7.Әскери қызметте болудың шекті жасына толған, оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми дәрежелері немесе атақтары бар әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімдерін ұзарту кезінде келісімшарттар жасасу
38. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған, оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми дәрежелері немесе атақтары бар және оны жалғастыруға ниет білдірген әскери қызметшілермен уәкілетті органның бірінші басшысының шешімі бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған, бірақ Заңның 25-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге жаңа келісімшарт жасалады. 39. Әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде: 1) кәсіби даярлығы және атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі; 2) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеру үшін жарамдылығы ескеріледі. 40. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген адамдар әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс әскери қызмет мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын мерзімде уәкілетті лауазымды адамға жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |