Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы № 248-р өкіміне сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген
Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемтізілім) енгізілген сортты сақтау құқығына жеке және заңды тұлғаларды тіркеу тәртібін және шарттарын регламенттейді. 2. Сорттар оригинаторларын тіркеуді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) жүргізеді. 3. Сорт оригинаторы болып патент иегері болып табылатын немесе сортты лицензия негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға тіркеле алады. 4. Шетелдік селекция сортының оригинаторы болып жеке және заңды қазақстандық тұлға да, жеке және заңды шетелдік тұлға да тіркеле алады. Бір сорт бойынша бір немесе бірнеше сорттар оригинаторлары тіркеле алады.
2. Сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібі
5. Тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға Ауылшарминіне мына құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша); 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|