|
|
|
Өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-08/579 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 525 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына және «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Т. Өмірияевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |