|
|
|
Автомобиль көлiгi туралы (2013.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) автобус - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлік құралы; 2) автовокзал - жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, жүргізушілерді медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлік пункттер және ана мен бала бөлмесі кіретін, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені; 3) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешені; 4) автомобиль көлігі - негізгі қызмет аясы автокөлік құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы; 5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы - тасымалдың үздіксіз процесін, сондай-ақ автокөлік құралдарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдары сақталатын құрылыстар); 6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, автомобиль тіркемелері, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кіретін автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі; 7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы; 8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға; 9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені; 9-1) әлеуметтік маңызы бар тасымалдаулар - қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін және қолжетімді тарифтер деңгейін әрі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін қозғалуына мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастағы жолаушы тасымалдаулары; 10) багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерінде белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі; 11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы; 12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар; 14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар; 15) жолдама парақ - жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға және бақылау жүргізуге арналған құжат; 16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға; 17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға; 18) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) көліктік бақылау бекеті - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті; 19) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 21) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 22) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 23) қол жүгі - салмақ және көлем өлшемдері Автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 25) такси - Автомобиль көлігімен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелеріне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль; 25-1) тахограф - жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы; 26) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 27) уәкiлеттi орган - автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлі мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар; 29) шағын автобус - жасаушы завод жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етіп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус. 2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады. 2007.27.07. № 297-III ҚР Заңымен 3-бап толықтырылды 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi Автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылады: 1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы; 2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) тұтынушыға автомобиль көлiгi саласындағы көрсетілетін қызметтерді таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету. 5-бап. Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы. 6-бап. Автомобиль көлiгіндегі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Автомобиль көлiгіндегі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен регламенттеледi. 7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар 1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына: 1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес біліктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердің талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бір жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемінде үш жыл жүргізушілік жұмыс стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi. 3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады. 4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыруға кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi. Арнаулы, соның iшiнде толығынан қолмен басқарылатын, сондай-ақ рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын такси тасымалдары үшiн пайдалануға тыйым салынады. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi 1. Автомобильмен тасымалдау: 1) жолаушылар мен багажды тасымалдау; 2) жүк тасымалдау; 3) почта тасымалдау болып бөлiнедi. 2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау: 1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар; 2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді. 3. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) қалалық (ауылдық) - елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау; 2) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау; 3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау; 4) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау; 5) облысаралық қалааралық - әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау. 3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
9-баптың 3) тармақшасы 2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар 1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде: 1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды; 2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды; 3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды; 4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады. 2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады. 3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда: 1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар; 2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар; 3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар; 4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі; 5) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау және беру тәртібі; 6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. 4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға жол берілмейдi. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау; 2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау; 3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау; 4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау; 5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы iске асырылады. 2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады. Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын автомобиль өткізу пункттерінің және көлiктi бақылау посттарын құруға жол берiлмейдi. кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлейдi; 2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртібін айқындайды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi; 5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларын бекiтедi; 7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртібін айқындайды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді; 8) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекітеді; 9) Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекітеді; 10) Автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидасын бекiтедi; 11) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi; 12) Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекітеді; 13) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидасын бекітеді; 14) Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекітеді; 15) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-бап. Уәкілетті органның құзыретi 1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) автомобиль көлігі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады; 2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi; 3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi; 4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi; 5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi; 6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi; 7) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бірлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi; 10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi; 11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді; 12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi; 13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекiтедi; 14) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асырады; 15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекітеді; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді; 19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |