|
|
|
Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығы (2019.06.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 19 қазандағы № 756 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.06.11. № 971 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2019.06.11. № 971 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жол жүру құжатының үлгісі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Босқын куәлігінің, жол жүру құжатының, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 498 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6682 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінің № 13-14 (26434-26435) және 2011 жылғы 26 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінің № 106-109 (26511) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.06.11. № 971 бұйрығымен жол жүру құжатының үлгісі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығымен бекітілген
Жол жүру құжатының үлгісі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |