|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2012.19.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті және Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағынан осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағына берілсін. 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістердің 7-тармағының екінші абзацын, 9-тармағын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағына берілетін «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 2. Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 6. Алматы қаласы Түріксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 8. Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 17. Қарағанды қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 18. Қарағанды қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 19. Қарағанды қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы 20. Қарағанды қаласының № 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы 21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 24. Шымкент қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 25. Шымкент қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 28. Өскемен қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 29. Өскемен қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 30. Өскемен қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті» деген бөлімде тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «қызметі» деген сөзден кейін «және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 49, 446-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанында: «Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру» деген сөздер «Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанында: «Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру» деген сөздер «Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 286-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ережеде: 1-тармақта «қызметі» деген сөзден кейін «және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын. 5. ҚР Үкіметінің 2012.22.05. № 653 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): 2 абзац қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді 2-тармақ, 4-тармақтың 1), 2), 4), 6) тармақшалары, 5-тармақ алынып тасталсын; 4-тармақтың 5) тармақшасында «қызметі» деген сөзден кейін «және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын; 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 2-жолда «жабық акционерлік қоғамы» деген сөздер «жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдар алынып тасталсын. 8. «2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 660 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 339-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесіне қосымшада: ескертудегі «қызметі» деген сөзден кейін «және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын. 9-тармақ қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді 9. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 648-құжат): 2, 3-тармақтар алынып тасталсын. 10. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 185-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 2-тармақтың үшінші абзацында «қызметі» деген сөзден кейін «және құқықтық көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын. 11. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Діни істер комитеті. Ведомстволардың құзыреті мен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Министр айқындайды. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мекемелердің санын ескере отырып, бекітеді. Министрліктің, оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітеді. 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, 35-көше, 8-үй. 9. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Министрліктің міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмыстарын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізуге қатысу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; 2) оның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету; 3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру; 4) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; 5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) қылмыстық жазаларды орындау, Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету; 7) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәліктер мен паспорттар беруді, азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру; 9) сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру; 10) әділет органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер және заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша анықтауды жүзеге асыру; 11) күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қамтамасыз ету. 14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау; ұлттық заңнаманы дамыту; заң жобалау жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру; стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметінің аясында қолдану тәжірибесін талдау әрі жинақтау және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізу; әділет органдары жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын бақылау; заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және консультация беру үшін осы мақсатта бюджет және өзге қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, соның ішінде шет елдерден мамандар мен сарапшылар тарту; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру; азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдау, қарау және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылданған шешімдер туралы хабарлау; нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін жүргізу; құқықтық ақпараттандыру, заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу; нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін жариялауға құқық беру; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру; нормативтік құқықтық актілердің мәтінін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын адамдардың қызметін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу; орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу; мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу; шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалған қарыз шарттарын заңдық сараптау; Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу; халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау; халықаралық шарттар жобаларын заңдық сараптау; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру; орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдарға өз құзыретінің шегінде ғылыми-әдістемелік және құқықтық көмек көрсету; Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету; халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау; шарттық негізде эталондық заңнамалық актілерді және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұсыну; ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету; халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау; сотта азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғауда талап-арызбен жүгіну; мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру; баспа қызметін жүзеге асыру; әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау; өз құзыретінің шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау; заңнамаға түсінік беруге қатысу; бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сауалдары бойынша ақпарат ұсыну; белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттар дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу; авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; селекциялық жетістіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; өнер туындылары, пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; тауар белгілерін, қызмет көрсету таңбаларын, тауарлардың шыққан жерлерінің атауларын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; интегралды микросхемалар топологиясын құқықтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; Интегралды микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу; тіркелген топологияға айрықша құқық беру туралы шартты, тіркелген топологияларды пайдалануға лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру; патенттік сенім білдірілгендерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу және патенттік сенім білдірілгенді тіркеу туралы куәлік беру тәртібін айқындау; өзінің құзыреті шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен бағалар стандарттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ келісу; тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау; зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру; селекциялық жетістіктерге патенттер беру; лицензиаттың басқа адамға (сублицензиатқа) селекциялық жетістікті пайдалану құқығына айрықша емес лицензия беру туралы лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеу;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |