«Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1439 бұйрығымен күші жойылды
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7430 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеуқызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 96 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілген
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) адвокаттың тағылымдамадан өтушілеріне (бұдан әрі - тағылымдамадан өтушілер) қабылдау шарттарын, тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібін белгілейді. 2. Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматы тағылымдамадан өтуші болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|