|
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2016.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 828 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі мен «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |