Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым (2012.22.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 254 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 254 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 254 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу (бұдан әрі - шектеулер мен тыйым салулар) тәртібін айқындайды. 2. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында белгіленеді. 3. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау мақсатында олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді. 4. Шектеулер мен тыйым салулар: 1) аумақ бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, өңіраралық, бассейндік деңгейде, жекелеген аумақтық әкімшілік бірліктердің немесе олардың бір бөліктерінің шекараларында, сондай-ақ жекелеген аңшылық алқаптарда, су айдындарда және (немесе) учаскелерде; 2) мерзім бойынша: тұрақты (қолданылу мерзімдері көрсетілмей) не белгілі бір мерзімдерге; 3) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын аулаудың әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолдану бойынша; 4) жануарлардың жекелеген түрлерін немесе топтарын, олардың белгілі бір популяциясын алу нормаларын шектеу мен өзгерту қажеттігі туындағанда жануарлардың түрлері бойынша не жынысы немесе жасы бойынша; 5) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгіленеді.
2. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу тәртібі
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаржы көздердің есебінен әзірленген биологиялық негіздеменің түрінде немесе құрамында тиісті ғылыми ұйымдармен жануарлардың белгілі бір түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салулар бойынша берілген ұсыныстардың түсу қарқынына қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды түзету мәселелерін қарастырады. 6. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған биологиялық негіздемелерді мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жолдайды. 7. Биологиялық негіздемелерге сәйкес және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган жануарлардың тиісті түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірлейді. 8. Уәкілетті орган әзірленген шешім жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 9. Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық негіздемелердің және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу туралы шешім қабылдайды. 10. Белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың орындалуын бақылауды уәкілетті органның тиісті ведомстволары және олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
|