|
|
|
Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Yкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік ресурстарға астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп екi апта мерзiмде Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясын жүз процент мемлекеттік акцияларының пакетiмен «Азық-түлiк контракт корпорациясы» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамы етiп заңмен белгiленген тәртiпте қайта құрсын және акционерлеу күнгi кiтаптық қалдығы бойынша мемлекеттік ресурстар астығы мен оның өңделген өнiмдерiн қабылдап алу-өткізу актiсiне қол қойсын. 2. Құрылатын акционерлік қоғамның негiзгi функциялары: мемлекеттік ресурстардағы астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, жаңарту және сату; бюджеттік ұйымдар мен арнайы тұтынушыларды астықпен және оның өңделген өнiмдерiмен жабдықтау болып айқындалсын. 3. ҚР Үкіметінің 21.04.99 ж. № 433 қаулысымен алынып тасталды 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |