Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2000.24.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 24.02.00 ж. № 286 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
Медициналық қызмет көрсетулердің сапасы мен медициналық ұйымдардың қызметiн талдауды жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 24.02.00 ж. № 286 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң «Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталығы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 24.02.00 ж. № 286 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы: ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын талдау және бағалау; денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ақпараттық iлеспесi; 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауісі жөніндегі агенттігі заңдарда белгiленген тәртiппен: Кәсiпорын жарғысын онда облыстарда, Астана, Алматы қалаларында Кәсiпорынның филиалдарын көздеп бекiтсiн; мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн және өзге де ұйымдастырушылық iс-шараларын жүргiзсiн; медициналық ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі функцияларды орындау үшін Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталықтың бөлімшелерінің материалдық, техникалық құралдарын жергілікті атқарушы органдарға беруді қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Yкіметінiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 1364 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгі» бөлiмiнде: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-66-жолмен толықтырылсын: «9-66. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгінiң «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы»; реттiк нөмiрi 9-18-жол алынып тасталсын. 2. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әкiмшi-мекемелердiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде: 224 «Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгі» мемлекеттік мекемелер жолы бойынша 67 «Медициналық қызмет көрсетудi төлеу жөніндегі орталықтың көрсеткен қызметiне төлем жасау» деген бағдарламадағы 30 «Медициналық қызмет көрсетудi төлеу жөніндегі орталық» деген кiшi бағдарлама алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 19.11.99 ж. № 1754 қаулысымен 3 тармақтын күші жойылды 3. алынып тасталды 4. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 533 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 17, 187-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау , білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 24 және 47-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-жолмен толықтырылсын: «66. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны». |