Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қазпочта) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының басқаруына берудің және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеудің шарттарын белгілеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 3. Комиссия 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде: 1) шарттарының бірі ретінде басқару мерзімін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ААҚ-ында акциялардың мемлекеттік пакетін 50 процент қосылған бір акция мөлшерінде сақтауға дейін көзделген, Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға беру талаптарын белгілесін; 2) аудандық деңгейде және ауылдық жерлерде «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының активтер құнын бағалауды жүргізсін; 3) почта-жинақ жүйесін дамыту стратегиясын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Қазпочтаның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Комиссия белгілеген шарттар негізінде Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамымен шарт жасассын; 3) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 5. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: реттік нөмірі 53-жол алынып тасталсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 04.05.2000 ж. № 659 қаулысымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 қаулысына қосымша
Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының басқаруына беру шарттарын белгілеу және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы
Өтембаев - Қазақстан Республикасы Ержан Әбілхайырұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Марченко - Қазақстан Республикасы Григорий Александрович Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша) Сәйденов - Қазақстан Республикасының Әнуар Ғалимоллаұлы Қаржы вице-министрі Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының Азамат Мырзаданұлы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Қанешов - Қазақстан Республикасының Біржан Бейсекенұлы Көлік және коммуникациялар вице-министрі Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Ажар Қилымбекқызы Әділет вице-министрі Раханов - Қазақстан Республикасы Мақсұтбек Смағұлұлы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Мәсімов - «Қазақстан Халықтық Жинақ Кәрім Кәкімжанұлы Банкі» ашық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Ержанов - Республикалық мемлекеттік Оразәлі Сәнтайұлы почта байланысы кәсіпорнының бас директоры |