Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оған таратылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Авторлық құқық жөніндегі комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң «Қазпатент» Патенттер және тауар белгiлерi жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүлкi мен істерiн басқару жөніндегі функциялары мен өкiлеттiктерi берiле отырып, құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң «Қазпатент» патенттер және тауар белгiлерi жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шарyашылық жүргiзу құқығында) қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң «Қазақстан патенттiк сараптама институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - ҚПСИ) болып қайта ұйымдастырылсын. 4. Комитет ҚПСИ-дiң мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 5. ҚПСИ қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн: өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларына) өтiнiмдер қабылдау, осы өтiнiмдерге сараптама жүргiзу және өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң қорғау қабiлетi шарттарына сәйкес келуiн анықтау; селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдердi және интегралдық микросхема топологияларын тiркеуге өтiнiмдердi қабылдау, осы өтiнiмдердiң белгiленген талаптарға сәйкес келуiне сараптама жүргiзу; өнеркәсiптiк меншiктiң тiркелген объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң және интегралдық микросхема топологияларының тізілімін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi және интегралдық микросхема топологияларын қорғау мәселелерi бойынша қорғау құжаттарының сипаттамаларын және ресми бюллетеньдер шығару; Патент кооперациясы туралы шартқа, Еуразия патент конвенциясына және Белгiлердi халықаралық тiркеу туралы Мадрид келісімiне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға байланысты халықаралық өтiнiмдер бойынша сараптама жүргiзу. 6. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 7. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» бөлiмiнде реттiк нөмiрi 106-3-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 520-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетi 520 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң «Қазақстан патенттiк сараптама институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Ереженін күші жойылды (бұр. ред. қара) Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң, «Қазпатент» және «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 48, 449-құжат). 2. «Қазпатент» патенттер және тауар белгiлерi жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 25 ақпандағы № 142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 7, 42-құжат). 3. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Авторлық құқықтар жөніндегі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 846 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 28, 275-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 1295 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 439-құжат).
|