Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері
Осы редакция 2013 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті құрылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті болып; 2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары; 3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық жер инспекциялары; 4) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті таратылсын. 4. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|