Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазагрэкс» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2005.09.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазагрэкс» республикалық мемлекеттік кәсiпорны және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Қазагрэкс» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) мемлекеттік тiркелгеннен кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 38 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазагрэкс» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесi 1. «Ақтөбе аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Ақтөбе қаласы. 2. «Шығыс Қазақстан аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Өскемен қаласы. 3. «Жамбыл аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Тараз қаласы. 4. «Батыс Қазақстан аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Орал қаласы. 5. «Павлодар аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Павлодар қаласы. 6. «Қарағанды аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Қарағанды қаласы. 7. «Қостанай аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Қостанай қаласы. 8. «Солтүстiк Қазақстан аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Петропавл қаласы. 9. «Оңтүстiк Қазақстан аграрлық сараптамасы» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны, Шымкент қаласы. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 38 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» бөлiмiнде реттiк нөмiрi 44-1-жол алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2005.09.06. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-25-жолмен толықтырылсын: «21-25. «Қазагрэкс» ЖАҚ»; 4) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi және мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-3-жолмен толықтырылсын: «205-3. «Қазагрэкс» ЖАҚ». |