«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен, оны «Қазақэнергиясараптама» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қоғамның жарғысын бекітсін; 2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 91 қаулысымен бекітілген
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті» бөлімі мен реттік нөмірі 507-жол алынып тасталсын. 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: «Алматы қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-62-жолмен толықтырылсын: «123-62 «Қазақэнергиясараптама» ЖАҚ». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымша: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 262-жолмен толықтырылсын: «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетіне 262 «Қазақэнергиясараптама» ЖАҚ». 4. «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесінде: 4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақтағы «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен белгіленген тәртіппен тіркелген басқа да» деген сөздер «белгіленген тәртіппен тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын.
|