Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Алматы» және «Еңбек-Ерменсай» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 3-1 тармақпен толықтырылды 3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті: 1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін; 2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне: «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» деген бөлімінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімшесінде: реттік нөмірі 106-4-жол «комитетінің» деген сөзден кейін «түзеу мекемелері» деген сөздермен толықтырылып, «Еңбек» деген сөзден кейін»-Астана» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 106-5, 106-6, 106-7, 106-8, 106-9, 106-10, 106-11, 106-12, 106-13, 106-14, 106-15, 106-16, 106-17, 106-18, 106-19, 106-20, 106-21-жолдармен толықтырылсын: «106-5. Қазақстан Республикасының Ақтөбе қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек- Ақтөбе» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-6. Қазақстан Республикасының Атырау қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек- Атырау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-7. Қазақстан Республикасының Өскемен қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-8. Қазақстан Республикасының Тараз қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-9. Қазақстан Республикасының Орал қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Орал» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-10. Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-11. Қазақстан Республикасының Қызылорда қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Қызылорда» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-12. Қазақстан Республикасының Қостанай қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Қостанай» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-13. Қазақстан Республикасының Ақтау қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Ақтау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-14. Қазақстан Республикасының Павлодар қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Павлодар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-15. Қазақстан Республикасының Петропавл қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-16. Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Шымкент» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-17. Қазақстан Республикасының Алматы облысы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару Заречный кенті жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Алмас» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-18. Қазақстан Республикасының Тараз қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Гранит» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-19. Қазақстан Республикасының Семей қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Семей» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-20. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) 106-21. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек-Тас» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) «; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 596 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының Тізбесі
|