Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесінде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 9-3-жол мынадай редакцияда жазылсын: «9-3. «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» қазыналық кәсіпорны Астана қаласы»; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|