Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
Қаулы етемін: 1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қазанның 7-і.
№ 663
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 7 қазандағы № 663 Жарлығынақосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығымен бекiтiлген
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеудің осы қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды. 2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын; 2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын; 3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеудi қамтиды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|