|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Үлгi-тәжiрибелiк орман көшеттiгi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Орман көшеттiгi» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) жерсiндiрiлген сүректi және бұталы тұқымдардың екпе көшеттерi мен тiкпе көшеттерiнiң кең тараған түрлерiн өсiру және сату; 2) инновациялық жобаларды енгізу саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу және енгізу; 3) отырғызу материалдарын өсiрудiң прогрессивтi, ғылыми негiзделген технологияларын, өндiрiстi кешендi механикаландыру негiзiнде қазiргi заманғы өнiмдiлiгi жоғары технологиялық құралдар мен машиналар жүйесiн, машина-трактор паркiн және басқа да энергетикалық жабдықты пайдаланудың неғұрлым жетiлдiрілген әдiстерiн енгізу болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн; 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берудi; 3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн. 4. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 13 тамыздағы № 843 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітiлген Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде: «Алматы облысы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-1-жолмен толықтырылсын: «25-1. «Орман көшеттігi» АҚ». 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-32-жолмен толықтырылсын: «222-32. «Орман көшеттігі» АҚ». 4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлiмдегi реттік нөмiрi 77-жол алынып тасталсын; «Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 3-жолмен толықтырылсын: «3. Орман көшеттігі».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |