«Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 179-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген біліктілік талаптарына қосымша мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын: «6. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін: 1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсету); 2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат: қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ___________________________________________________; бұйрықтың қол қойылған күні ___________________________________________________________; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|