Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереженi бекіту туралы (2006.14.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереже бекітілсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік қызметшілердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының (бұдан әрi - Орталық) міндеттерi мен функцияларын айқындайды. 2. Орталық жергiлiктi мемлекеттік органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнің мемлекеттік қызметшiлерiне қосымша кәсiби білiм берудiң бағдарламаларын iске асырады. ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 867 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орталық облыс әкiмдiгiнiң* қаулысымен құрылады және Орталық үшiн басқа да ұйымдық-құқықтық нысандары көзделуi мүмкiн Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда, оның шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны болады. Орталықтың Жарғысын облыстың, Алматы қаласының әкiмдiгi бекiтедi. __________________ * Орталық Алматы облысында құрылмайды, Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерiн қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру Алматы қаласының қайта даярлау және біліктілікті арттырудың аумақтық орталықтарында жүзеге асырылады. Астана қаласының мемлекеттік қызметшілерiн қайта даярлау және олардың біліктілiгiн арттыру Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жүзеге асырылады.
2. Орталықтың негiзгi мiндеттерi мен функциялары
4. Орталықтың негiзгi міндеттерi: 1) жергілікті және аумақтық басқару органдарының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргiзу; 2) жергiлiктi мемлекетті басқарудың және жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың тиiмділігiн арттыруды қамтамасыз ететiн оқытудың қазiргi заманғы технологиялары мен әдiстемелерiн сынау, енгізу; 3) мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлаудың және олардың білiктiлiгiн арттырудың сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу; 4) мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың, оның iшiнде үкiметтік емес білім беру ұйымдарының қатысуымен, отандық және халықаралық тәжiрибенi зерделеу және пайдалану болып табылады. 5. Негiзгi мiндеттердi iске асыру мақсатында Орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыруда мемлекеттік органдардың қажеттілігiн қамтамасыз ету; ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 867 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) өңiрдiң ерекшелiктерiн ескере отырып, мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрi - Академия) келісімi бойынша әзiрлеу; 3) сабақ өткiзудiң қазiргi заманғы нысандары мен әдiстерiн енгізу, оқытудың практикалық бағыттылығын күшейту, оның өңiрдегi мемлекеттік қызметтiң нақты мiндеттерiн шешуге бағытталуы; 4) қайта даярлау мен білiктiлiктi арттыру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қызметшілерге консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету; 5) білiм беру қызметтерiнiң түрлері мен нысандарын жетiлдiру және дамыту; 6) мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру мәселелерiнде отандық және шетелдiк әрiптестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
3. Орталықтың қызметiн ұйымдастыру
6. Орталықты облыстың, Алматы қаласының әкiмдігі лауазымға тағайындайтын директор басқарады. 7. Директор өз құзыреті шегiнде: 1) Орталықтың қызметiн ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады; 2) Орталықтың барлық қызметкерлерi үшiн мiндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi; 3) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Орталықтың мүдделерiн бiлдiредi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Орталықтың Жарғысына сәйкес өзге өкілеттілiктердi жүзеге асырады.
8. Орталықтың қызметiн үйлестiрудi Академия өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 9. Орталықты қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|