|
|
|
Респонденттердің 2013 жылға арналған жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1746 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстардың 2013 жылға арналған жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 16-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Респонденттердің 2013 жылға арналған жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жолдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 179 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |