«Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1127 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу
1. Жалпы ережелер
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін айқындайды. 3. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу жүйелі, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер жиынтығын білдіреді, ол озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрында қалыптастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|