Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2013.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1199 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 182 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|