Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Жаңа өнім берушілер үшін құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) 2013 жылға арналған тарифтік квота көлемі 10000 тонна мөлшерінде бекітілсін. 2. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес»; 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1189 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|