«Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 26-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 910 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген
Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Әлеуметтік оңалту Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм актісінен зардап шеккендер деп танылған (бұдан әрі - зардап шеккендер) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|