Осы редакция 2013 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет стандарты (2012.04.12. берілген өзгерістермен)
1. «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі - департаменттер) және мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «электрондық лицензиялау» порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы 3-тармағының, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-1-бабының және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz; 2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) орталықтың филиалдарындағы стенділерде; 4) порталда орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|