«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi №110 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi № 110 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 4633 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз-сәуір) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-банына сәйкес, мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби, біліктілік дайындығын және іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында бұйырамын:»; көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттауды жүргізу қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркелуiн; 2) белгіленген тәртіппен ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат инистрлігі Заң қызметі департаментіне жарияланғаны туралы ақпараттың ұсынылуын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|