Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы (2013.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысымен бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидада жеке және заңды тұлғаларды авиациялық жұмыстарды орындауға сертификаттау және оларға куәлік беру тәртібі айқындалады. 3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік басқа тұлғаға беруге жатпайды. 4. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік қолданылу саласын және мерзімін көрсете отырып, 2 жыл мерзімге беріледі. Сертификаттау кезеңділігі 2 жылды құрайды. 5. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) өтінім - өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|