Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері (2013.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Агенттік туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.02.12. № 1127 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 2. «Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 3. «Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 4. «Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 5. «Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 6. «Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 7. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен ереже жаңа редакция (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.05.07. № 694 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi(Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кiрмейтiн, тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласындағы басшылықты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Агенттіктің ведомстволары жоқ. 3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Егер Агенттікке заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
14. Агенттіктің миссиясы: бәсекелестікті қорғау, монополиялық қызметті шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру. 1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу; 2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу; 3) экономикалық шоғырлануға бақылау; 4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру. ҚР Үкіметінің 2013.05.07. № 694 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Функциялары: 1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру; 2) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 5) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу; 6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру; 7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою; 8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекені болдырмау және олардың жолын кесу; 9) бәсекелестікті дамыту, монополиялық қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; 10) тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асыру; 11) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асыру; 12) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру; 13) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тауарлардың өзара алмастырылу өлшемдерін, оларды сатып алуға қолжетімділікті, сондай-ақ қаржы нарығының және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 14) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындау; 15) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 16) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізу; 17) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұрату және алу; 18) нарық субъектілеріне: Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою; бастапқы жағдайды қалпына келтіру; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту; егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығару; 19) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізу; 20) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану; 21) сотқа талап қойып және өтінішпен жүгіну, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысу; 22) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу; 23) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар беру; 24) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жіберу; 25) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғалар құруды алдын ала келісу; 26) ҚР Үкіметінің 2013.05.07. № 694 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 27) тауар нарықтарын талдау қорытындылары бойынша реттеуші органдармен және бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу бойынша, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу; 28) тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызған кезде реттеуші органдарға және осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне тізілімнен үзінді көшірме жіберу; 29) реттеуші органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлау және ақпаратты немесе материалдарды беру; 30) реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатысу; 31) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлау; 32) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін ұсыну; 33) құқық қорғау органдарының сұрату салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар беру; 34) құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрату салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жіберу; 35) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындау; 36) мыналардың: экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың; мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың; нарық субъектілері ұсынатын өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгі нысандарын әзірлеу және бекіту; 37) нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық органның) өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша қайта қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексеру; 38) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайларда нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгіну; 39) тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс ету; 40) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмілелерді (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға, нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге алдын ала жазбаша келісімін ұсыну; 41) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; 42) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу; 43) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 44) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау; 45) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимыл жасасу; 45-1) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға сараптамасын жүргізу; 45-2) мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыру; 45-3) мемлекеттік монополия субъектілерінің «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 46) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2013.05.07. № 694 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Құқықтары мен міндеттері: 1) монополияға қарсы орган мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар құру туралы өтінішхаттарды қарау барысында шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат сұратуға құқылы; 2) монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарын талдау негізінде аталған нарықтар үшін мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі қажет болатын активтер құны мен тауарлар өткізу көлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін белгілеуге құқылы; 3) монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде алдын ала қарауды жүргізеді. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің болуы туралы немесе болмауы туралы шешім шығаруға мүмкіндік беретін нақты деректер жеткізіліксіз болған жағдайда, монополияға қарсы орган қосымша нақты деректерді жинау және талдау үшін алдын ала қарау мерзімін ұзартуға құқылы. Монополияға қарсы орган өтініш берушіні өтінішті немесе материалдарды алдын ала қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді; 4) монополияға қарсы орган бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау барысында жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат пен құжаттарды жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы; 5) монополияға қарсы орган: монополияға қарсы орган, сот, алдын ала тергеу органдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу үшін маңызы бар басқа істі қараған; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына сол тергеу объектісіне қатысты басқа тергеу жүргізілген; сараптама жүргізілген жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге міндетті; 7) монополияға қарсы орган «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдауға және оларды қарауға міндетті.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады. 19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. 21. Агенттік төрағасының өкілеттігі: 1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды; 3) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 22. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді. 23. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады. 24. Монополияға қарсы орган басқармасының өкілеттіктері: Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретіне мынадай: 1) бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау; 2) монополияға қарсы органның құзыретіне жатқызылған әдістемелерді бекіту; 3) экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, осы шешімдерді қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімдер қабылдау; 4) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау; 5) нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелер базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып, сотқа жүгіну туралы шешім қабылдау; |