«Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 276 бұйрығымен қүші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 30-тармағына сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар: 1) мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы есеп осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген: 1) орталық мемлекеттік органдардың мәліметтері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) ұсынады; 2) жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссияларының мәліметтері Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады деп белгіленсін. 3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сәрсенов): 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|