Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың (2011.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңына сәйкес, уақытша келетiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау ережесі ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 688 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.27.12. № 1615 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына заңнамада белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды. Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына мынадай: 1) тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат берілген күнге белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш баламасына тең немесе одан асатын; 2) өтiнiш бiлдiрушi тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы банк басқармасы төрағасының немесе банктiң уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң құжатын ұсынады. Соманың мөлшері сол елді мекендегі тұрғын үйдің орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлікке арналған құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын тиісті уәкілетті орган берген құжаттың негізінде белгіленеді. Өтiнiш берушiге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт болған кезде, тұрғын үй сатып алу үшiн ақшасының болуы туралы банктiң құжаты талап етiлмейдi. 3. Төлем жасау қабiлеттігін растайтын ұсынылған құжаттарды iшкi iстер органдары түпнұсқалық мәнiне тексередi және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын рұқсаттар алу материалдарына қосылады.
|