Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы (2011.04.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысымен бекітілген
Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидаcы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидаcы (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредитеуден өткізу: аккредиттеуді өткізу үшін құжаттарды беру, оларды қарау және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) аккредиттеу туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды. 2. Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер (бұдан әрі - бірлестік) Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарда қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтеді. 3. Бірлестіктерді аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Аккредиттеуді тиімді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жанынан Аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамына уәкілетті органның мамандары және дене-шынықтыру-спорт ұйымдарының өкілдері кіреді. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі.
2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібi
5. Бірлестік аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеуді өткізу мен куәлік беруге арналған өтініш; 2) бірлестіктің құрылтай құжаттары мен заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірлемелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде); 3) бірлестіктің Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында орналасқан филиалдарының ережелері мен оларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде); 4) спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске асыруға бірлестіктің қатысуы туралы ақпарат; 5) дене шынықтыру және спорт салаласындағы мамандануы бойынша жоғарғы кәсіби немесе орта кәсіби білімі бар білікті кадрлардың бар екендігі туралы дипломдардың көшірмелері; 6) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда осы спорт түрімен шұғылданатындар саны туралы ақпараттық анықтама. 6. Уәкілетті органның құжаттарды қарау, куәлік беру немесе бас тарту туралы шешімдер қабылдау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс. 7. Бірлестік ұсынған құжаттарды қарау оның Ережесіне сәйкес Комиссияның отырысында жүзеге асырылады. 8. Комиссия бірлестіктің құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және куәлік беру (беруден бac тарту) туралы шешім қабылдайды. 9. Аккредиттеуден өткен бірлестікке уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша 4 жыл мерзімге тиісті куәлік беріледі. 10. Мынадай жағдайларда куәлік беруден бас тартылады: 1) осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса; 2) куәлік алу үшін бірлестік ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат бар болса.
3. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
11. Уәкілетті орган өзінің бұйрығымен куәліктің қолданылуын аккредиттеу алу үшін ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тоқтата тұрады. 12. Алты ай ішінде бірлестік уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды жояды. Аталған мерзім куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде айтылады. 13. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар уақтылы жойылған кезде, оның қолданылуы Комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап қайтадан бастайды. 14. Уәкілетті орган куәліктің қолданылуын тоқтату туралы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда шығарады: 1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда; 2) куәліктің қолданылуы тоқтатылған осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес себептер жойылмағанда; 3) бірлестік куәліктің қолданылуын тоқтату туралы өтініш бергенде; 4) оның қолданылу мерзімі аяқталғанда; 5) бірлестіктің күнтізбелік жыл ішінде республикалық (чемпионаттар, біріншіліктер, Республика кубоктары) және халықаралық (Олимпиада, Азия ойындары, чемпионаттар, біріншіліктер, Әлем, Азия, Еуропа кубоктары) жарыстарға қатыспауы; 6) бірлестіктердің құзыретсіздігі және әрекетсіздігі туралы дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың жартысының көбінен ұсынымдардың келіп түсуі.
15. Бірлестікте куәліктің қолданылу кезеңінде қайта ұйымдастырылу жүргізілген кезде бірлестік, бір ай мерзімде уәкілетті органға енгізілген өзгерістерімен бірге құрылтай құжаттардың көшірмелерін және салық органына есепке қою туралы куәлікті (шынайылығын растау үшін түпнұсқа ұсынылған жағдайда) немесе олардың нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. 16. Бірлестік өзінің атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл туралы хабарлайды және осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді. 17. Куәлік жоғалған немесе бүлінген кезде уәкілетті орган өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш негізінде бірлестікке куәліктің телнұсқасын береді. 18. Уәкілетті орган куәліктердің бланкілерін жасауды, оларды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді. 19. Бірлестікті аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
|