|
|
|
Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы (2014.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі бекітілсін. 2. Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) мен «А» және «Б» корпустарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) білімдерін және қабылеттерін әділ бағалау мақсатында оларды тестілеуден өткізудіңт тәртібін бекітеді. 2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі. 3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi. 4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығымен (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырылады. 5. Тестілеу кезінде мемлекеттік қызметші немесе үміткер әкімшіге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
2. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу тестілеу өткізудің тәртібі
6. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеуге жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің тізімін даярлайды. Тізім келесі мәліметтерді қамтиды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқарып отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты, ЖСН. Жеке мәліметтер ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады. Тізім уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеу өткізудің мерзімі мен орнын уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келіседі. 7. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тізім түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тестілеу кестесін қалыптастырады және кесте туралы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. 8. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшідерді тестілеу өткізудің күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді. 9. Мемлекеттік қызметшілерге тестілеу осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі. 10. Тестiлеуден өту кезiнде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шектi мәннен төмен баға алған мемлекеттік қызметшiлердің, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.
3. «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі - «А» корпусына үміткерлер) тестілеу келесі бір-бірімен сабақтасқан мынадай кезеңдерден тұрады: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу; 2) логикалық тест; 3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу; 4) мемлекеттік тілді білуге тестілеу. Тестілеу өткізудің кезеңі үш жұмыс күнінен аспайды. 12. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу кезеңінде шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «А» корпусына үміткерлер тестілеудің келесі кезеңдеріне жіберілмейді. 13. «А» корпусының кадр резервіне бір іріктеу аясында»А» корпусына үміткерлер бір рет ғана тестілеуден өтеді.
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге
14. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге (бұдан әрі - «Б» корпусына үміткерлер) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді. 15. Тестілеуге «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабының 4-тармағында, 13-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. 16. «Б» корпусына үміткерлер Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды береді: 1) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған); 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған); 4) ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Егер азмат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе осы тармақтың 3)-тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. 17. Қарауға «Б» корпусына үміткерлер немесе олардың өкілдері (сенімхат бойынша) қолма-қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынған құжаттары қабылданады. «Б» корпусына үміткерге немесе олардың өкілдеріне құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерімен осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысандағы құжаттарды қабылдаған күні мен тестілеу күні көрсетілген қолхат беріледі. Қолхат уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мөртабанымен куәландырылады. Құжаттарды қолма-қол толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкері құжаттарды қараусыз және қолхатсыз қайтарады. Пошта бойынша құжаттарды толық көлемде жібергенде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей «Б» корпусына үміткерге қолхат жіберіледі. Пошта бойынша құжаттарды толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде дәлелді жауапты қоса беріп құжаттарды қараусыз қайтарады. 18. Тестілеу өткізуге бос орындар болған жағдайда «Б» корпусына үміткер дереу тестілеуге жіберіледі. Сол күні тестілеу өткізуге бос орын немесе техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда «Б» корпусына үміткер тестілеуді мүмкін болған жақын арада өтеді. Бұл ретте тестілеу әкімшісі қолхатта дереу тестілеу өткізу мүмкін еместігінің себебін көрсетеді. 19. «Б» корпусына үміткер осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді. 20. Лауазым санаты үшін қарастырылған бағдарлама бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. 21. «Б» корпусына үміткерлер тестілеудің бір бағдарламасы бойынша қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.
5. Тестілеу ұйымдастыру тәртібі
22. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі. 23. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда туындаған сұрақтарға жауап беред. 24. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа күні өткізіледі. 25. Тестiлеуді өткiзуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс. 26. Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады. Ережені бұзған жағдайда әкімшілер тестілеуді тоқтатады, Ережені бұзғандарды тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді және үштен кем емес адаммен соның ішінде әкімшімен қол қойылатын осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысандағы тиісті акт толтырады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Тестілерді орындауға уақыт: 1) заңнаманы білуге тестілеу бағдарламаларына байланысты: «А» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 80 минөт (100 сұрақ), 70 минөт (80 сұрақ); «Б» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 125 минөт (150 сұрақ), 110 минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 80 минөт (100 сұрақ); 2) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 28. «А» корпусына үміткерлерді мемлекеттік тілді игеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу ҚАЗТЕСТ - қазақ тілін игеру деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі. 29. Осы Ереженің 27 және 28 тармақтарында қарастырылған тестілердің арасындағы үзіліс 30 минөттен кем емес. 30. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде жабылады. 31. Компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк программа көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі. 32. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен адамдарға тестілеу әкімшісінің, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғасының қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі. Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі. Шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «Б» корпусына үміткерге шекті мәннен төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 1-қосымша
1. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары: 1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi; 2) басқа санаттар үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 2-қосымша
Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндері
1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мәндер: 1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауап; 2) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге: «Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды; басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды; 3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін: Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды; басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 3-қосымша
________________________________________________________________ (уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері)
Өтініш
Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының ____санаты бойынша тестілеуге жіберулеріңізді сұраймын. Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремін. Тестілеу өту орны ______________________қаласы. Тестілеу өтуді қалаған күні __________________. Қоса берілген құжаттар тізімі: _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________
_______________ ____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 4-қосымша
ҚОЛХАТ
_____________________________________________________________ (уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері)
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткер _____________________________ мынадай құжаттарды қабылдады: (үміткердің аты-жөні)
Үміткердің тестілеу өтуді қалаған күні 201_жылғы_________________. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тағайындаған тестілеу күні201_жылғы_________________. Тағайындалған тестілеу күнінің үміткердің қалаған күнімен сәйкес келмеуінің себебі __________________________________ _________________________________________________________________________________________________________
Күні 201_жылғы ____________________.
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 5-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламалары
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасы келесіні қамтиды: 1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, лауазымдар үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест; 2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелері лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест; 3) облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест; 4) логикалық тест; 5) біліктілік деңгейін анықтауға тест; 6) ҚАЗТЕСТ. 2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға тестілеу бағдарламасы: 1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi; 2) басқа санаттар үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 6-қосымша
Тестілеу ережесін бұзған мемлекеттік қызметшінің немесе үміткердің тестідеуің тоқтату
Тестілеу әкімшісі _______________________________________________________________________________________ (аты-жөні) Орталықтың Өкілі _____________________________________________________________________________________ (аты-жөні) Мемлекеттік қызметші/үміткер ____________________________________________________________________________ (аты-жөні) ________________, ЖСН________________тарапынан Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 26-тармағының бұзылғаны анықтадық: __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ (осы актіні жасаған адамдардың қолы мен аты-жөні) актімен таныстым: __________________________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік қызметшінің/үміткердің қолы, аты-жөні) Күні: 201_ж. _______________
және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |