|
|
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы
Осы редакция 2014 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «МЖЗҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын. 2. «МЖЗҚ» АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «БЖЗҚ» АҚ) болып қайта аталсын. 3. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын мемлекеттік меншікке қабылдау және оларды «БЖЗҚ» АҚ-ға беру жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлдансын. 4. Комитет және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |