Қаржы лизингі туралы (2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
1-бап. Қаржы лизингiн құқықтық реттеу 1. Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған: қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс: 1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады; 2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады; 3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады; лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес; лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы. лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген iс-қимылының жиынтығы; лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөніндегі қызметi; тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк; сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады; лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар; лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Лизингтiң нысандары мен түрлерi Осы Заңмен лизингтiң мынадай негiзгi нысандары мен түрлерi реттеледi. 1. Лизингтiң нысандары: 1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады. 2) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды. 2. Лизингтiң түрлерi: 1) қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады; 1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi; 2) банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк болып табылады; 3) толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады; 3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi; 4) таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-бап. Лизинг нысанасы 1. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. 2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. 3. Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн. 4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн. Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Лизинг нысанасына меншiк құқығы 1. Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген лизинг нысанасына меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде сақталады. 2. Лизинг алушы жойылған немесе банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға тиiс. Лизинг алушы банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы конкурстық массаға енгiзiлмейдi. Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркiлеуге жол берiлмейдi. 3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған өнiм және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады. 4. Лизинг алушы өз қаражаты есебiнен және лизинг берушiнiң жазбаша келісімімен лизинг нысанасына зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай дәрежеде жақсарту жүргiзген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсарту құнының өтемiн алуға құқығы бар. 5. Лизинг алушы лизинг берушiнiң келісімiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтындай дәрежедегi жақсарту құны, егер заң актілерінде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды. 6. Лизингке тапсырылған мүлiктiң меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға көшуi лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Бұл орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Сублизинг 1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады. Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн төлеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг берушінің жазбаша келісімiмен ғана жол берiледi. 2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа жасауға болмайды. 3. Егер заң актілерінде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер қолданылады. 4. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы. 5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Азаматтық кодексте немесе басқа заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша заңсыз деп табылса, соған сәйкес жасалған сублизинг шарты да заңсыз болып табылады. 7-бап. Лизинг алушының құқықтарын қорғау Лизинг алушыға оның лизинг нысанасына құқығын қорғау меншiк құқығын қорғаумен тең дәрежеде қамтамасыз етiледi. Лизинг алушының лизинг шартының қолданылу кезеңiнде талап-арыз беруге және өзiне тиесiлi құқықтарды өз атынан өзге де жолмен қорғауға құқығы бар. 8-бап. Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне көшуi Лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын алдын ала анықталған баға бойынша өз меншiгiне сатып алу жөніндегі құқығы не мiндеттемесi көзделуi мүмкiн. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 9-бап алынып тасталды (бұр. ред. қара) 9-бап. алынып тасталды ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 2005.23.12. № 107-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Лизинг қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда лизинг беруші ретінде банктердің лизинг қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргiзедi. Жеке кәсiпкерлер болып табылатын өзге заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге асырады. 2-тарау. Лизингтік қатынастардың құқықтық негіздері ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi 1. Лизинг берушi: 1) өзiне тиесiлi төленбеген лизинг төлемдерiн, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге; 2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға; 3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөніндегі мiндеттемелерiн бұзған жағдайда мерзiмi кешiктiрiлген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы. 1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшiн оны сатушыдан өз меншiгiне сатып алуға; 2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгiлi бiр лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға; 2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуi мен пайдалануына берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге; 3) лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген талаптармен беруге мiндеттi. 3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Лизинг алушы: 1) лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға; 2) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткiзу мерзiмiне қатысты және сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға; 3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға; 4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге; 5) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға; 6) лизинг берушi лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиiстi дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге; 7) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы. 1) лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртiппен қабылдауға; 2) лизинг төлемдерiн дер кезiнде төлеп тұруға; 3) лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға; 4) лизинг нысанасындағы қалыпты тозуды және тараптар келісіп алған өзгерiстердi ескере отырып, лизинг берушi лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйiнде күтiп ұстауға; 5) егер лизинг шартында немесе заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын өз есебiнен күтiп ұстауға (оның iшiнде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық төлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуiн жүзеге асыруға; 6) егер шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 3. Лизинг шартында лизинг алушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгіленеді. Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының қатысуымен жасалған жағдайда сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 14-бап. Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi 1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының жауапкершiлiгi лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi. 2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келісілуге тиiс. Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады. 3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушiде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн лизинг алушының алдында жауап бермейдi. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тiкелей мүлiк сатушыға да, лизинг берушiге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы. 4. Лизинг берушi осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес сатушыға хабарлау жөніндегі мiндетiн бұзған жағдайда лизинг берушi сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшiн лизинг алушының алдында толық жауапты болады. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 15-бап. Лизинг шарты 1. Лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын төлемақысына кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi. 2. Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс: 1) шарттың нысанасы; 2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы; 3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi; 4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi; 5) лизинг нысанасының құны; 6) шарттың қолданылу мерзiмi; 7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары; 8) лизинг нысанасының сипаттамасы; 10) алынып тасталды 11) алынып тасталды 12) алынып тасталды 13) алынып тасталды Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады. 3. Тараптардың келісімi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн. 4. Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 16-бап. Лизинг шартының қолданылуы 1. Лизинг шартының мерзiмiн осы Заңның 2-бабында белгiленген ережелердi ескере отырып, тараптар айқындайды. 2. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады. 3. Лизинг шарты тараптар өздерiнiң барлық мiндеттемелерiн орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өзiнiң күшiн жояды. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17-бап. Лизинг шартын өзгерту және бұзу Лизинг шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында немесе лизинг шартында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. 18-бап. Лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны ауыстыру Егер осы Заңда, лизинг шартында немесе Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушi және лизинг алушы лизинг шарты бойынша өздерiне тиесiлi құқықтың бәрiн тараптардың екiжақты келісім бойынша үшiншi бiр тұлғаларға беруге құқылы. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 19-бап. Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру 1. Егер лизинг шартында немесе сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тiкелей лизинг алушыға оның жүрген жерiнде бередi. 2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасы лизинг алушыға оның барлық керек-жарағымен және оған қатысты құжаттармен (жинақталымын, қауiпсiздігін, сапасын, монтаждалуын, жөнге келтiрiлуiн, пайдаланылуын және басқаларын куәландыратын құжаттарымен) бiрге берiледi. 3. Сатушы лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының сатушыны таңдаған тарабы көтередi. 4. Лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша оны пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының лизинг нысанасын таңдаған тарабы мойнына алады. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 20-бап. Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер 1. Лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезіндегі басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады. 2. Лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөніндегі мiндетi көзделуi мүмкiн. 3. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға мiндеттi тарап лизинг шартының талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса басқа тарап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түріндегі шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. 4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 21-бап. Лизинг төлемдерi Лизинг төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi: 1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу; 2) лизинг бойынша сыйақы. Лизинг есебi бухгалтерлiк есеп жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 23-бап. Лизинг нысанасын қайтару 1. Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртібімен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс. 2. Лизинг нысанасы қалыпты тозуды ескере отырып, лизинг алушы оны қандай күйде алса, сондай күйiнде немесе лизинг шартында ескертiлген күйiнде қайтарылуға тиiс. 3. Қайтарылатын лизинг нысанасының жай-күйi осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн болса, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге келтiрiлген залалды өтейдi. 4. Егер лизинг нысанасы лизинг алушының дұрыс пайдаланбауы салдарынан оның техникалық сипаттамаларында ескертiлген мерзiмнен бұрын қалыпты жұмыс жағдайынан шығып қалып, лизинг берушiге қайтарып берiлсе, онда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге залалды өтеуге мiндеттi. 5. Егер лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға мiндеттi болғанымен, оны қайтармаса не дер кезiнде қайтармаса, лизинг берушiнiң бүкiл кешiктiрiлген кезең үшiн лизинг төлемдерiн төлеудi талап етуге құқығы бар. Егер лизинг төлемдерi лизинг берушiге келтiрiлген залалдың орнын толтырмайтын болса, оның осы залалды өтеудi талап етуге құқығы бар. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 24-бап. Лизинг нысанасын талап ету 1. Лизинг берушiнiң, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасын, шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалатын жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талап етуге құқығы бар. 2. Лизинг берушiнiң лизинг нысанасын мына жағдайларда: 1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе; 2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе; 3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар. 3. Лизинг нысанасын даусыз талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес бұйрық iсiн жүргiзу тәртібімен жүзеге асырылады. 4. Сот бұйрығын шығару үшiн лизинг берушi: 1) өтiнiш; 2) лизинг шартын; 3) өтiнiш берерден кемiнде бiр ай бұрын лизинг алушыға жiберiлген лизинг нысанасын ықтимал талап ету туралы жазбаша ескертудi; 4) лизинг алушының лизинг төлемдерiн нақты төлегенiн растайтын құжаттарды тапсырады. 5. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы. ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді 25-бап. Лизинг қызметiн жүзеге асыру режимi 1. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын лизинг қызметiне Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында көзделген инвестициялық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық тәртібі қолданылады. |