Қазақстанның Даму Банкі туралы (2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен; 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі - Даму Банкі) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты болып табылады.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу 1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңда және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелмейтін бөлігінде қолданылады. 3. Даму Банкінің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi ұлттық басқарушы холдинг бекiтетiн Даму Банкінің Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 3-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен міндеттері 1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады. 2. Даму Банкінің міндеттері: 1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістерді құруға, бар өндірістерді кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобаларды) орта мерзімді (бес жыл және одан артық мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрі - аралық қаржыландыру); 2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрі - экспорттық операциялар) қаржыландыру; 3) қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру (бұдан әрі - мезониндік қаржыландыру), жобалық қаржыландыру, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру; 4) басқа да кредит институттары беретін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және резидент емес банктеріне (бұдан әрі - банкаралық кредит беру), лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру; 5) Қазақстан Республикасының Yкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Даму Банкінің функциялары 1. Даму Банкінің функциялары: 1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және қаржыландыру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру; 2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындау; 3) республикалық және бюджеттік инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу; 4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi; 5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану; 6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу; 7) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктер, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындау болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттік кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкінің айрықша құзыретiне жатады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері Даму Банкі: 1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға; 2) банк сараптамасының және заемшының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны, экспорттық және лизингтік операцияларды қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қисындылығын анықтауға; 3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға; 4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға; 4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға; 5) Бағдарламаға енбейтін республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобаларды іріктеп алуды және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға; 6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге; 7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға; 8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға құқылы.
11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде банктерді, банк конгломераттарын және резервтік талаптарды пруденциялық реттеу, басшы қызметкерлердің келісуі, активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
2-тарау. Даму банкінің қызметі ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап өзгертілді; 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара) ҚР 2005.09.06 № 56-III Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 7-бап редакцияда жазылды 7-бап. Даму Банкінің операциялары Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды: 1) қарыз операцияларын: резидент немесе резидент емес заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді; 2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді; 3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді; 4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды; 5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді; 6) Даму Банкі қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар және операциялар шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді; 7) шартты салымның арнаулы шоттарын, резервтік шоттарды және қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттік қызмет көрсету (тапсырма) шарттарына және облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттарға сәйкес мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа шоттарды ашуды және жүргізуді; 8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді; 9) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді; 10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5) - 9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды; 11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды; 12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті; 14) лизингтік қызметті; 15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды; 16) өз мүлкін жалға беруді; 17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын; 18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін; 19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Даму Банкінің банк сараптамасын жүргiзуi 1. Даму Банкi осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жобалардың банк сараптамасын жүзеге асырады. 2. Даму Банкінің инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелерi жөніндегі қорытындысы жобаның тиiмдiлiгi, заемшының кредит қабiлеттiлiгi мен төлем қабiлеттiлiгi, заемды қайтарудың қамтамасыз етiлуi туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың қисындылығы туралы қорытындыларды қамтуға тиiс. 3. Мемлекеттік бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкінің оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 4. Даму Банкінің инвестициялық жобаларға сараптама жүргiзуi Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, шарт негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9-бап. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы 1. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады. 2. Даму Банкінің республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10 бап өзгертілді 10-бап. Даму Банкінің сенім білдірілген өкіл (агент) функцияларын орындауы 1. Даму Банкi жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындайды. 2. Даму Банкi сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады. 4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын, мемлекеттік кепілдіктермен немесе мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындайды. ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингi 1. Даму Банкі сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты шарт негізінде: 1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң; 2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң; 3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асыра алады. 2. Даму Банкi жыл сайын шарт негізінде, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi. 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Даму Банкінің қарыздар беруі 1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді. Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің орташа құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі. Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады. 2. Даму Банкі қаржыландыратын инвестициялық жобалар мен операцияларды, сондай-ақ Даму Банкі беретін кредит құралдарын іске асыру бойынша тәуекелдер Меморандумның талаптарына сәйкес жабылуға, оның ішінде болашақта келіп түсетін мүліктік кепілді, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, Даму Банкінің директорлар кеңесі айқындайтын шарттарда және тәртіппен кепілмен, кепілдікпен және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тәсілдерімен, сақтандырумен және басқалармен қамтамасыз етілуге тиіс. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну бөлігіндегі осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін ұйымдарға Даму Банкінің қарыз беруі, мезониндік қаржыландыру, банкаралық кредит беру жағдайларына қолданылмайды. 3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды. 4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын ұйымдарға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгерді 13-бап. Даму Банкінің заемдарды тартуы 1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен жүзеге асырады. 1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады. 2. 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкінің басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы. 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Даму Банкінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы 1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: 1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткізу мақсатында өндiрiп алған; 2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан; 3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг ұстаушы ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан; 4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады. 2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.
11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 15-бап редакцияда (бұр.ред.қара) 15-бап. Даму Банкінің қызметін шектеу Даму Банкінің: 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне; 2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына; 3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарылуын қамтамасыз етпей қарыздар беруіне; 4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына; 5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы және ішкі қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-тарау. Даму банкінің капиталы
ҚР 11.06.03 ж. № 434-11 Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ;2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Даму Банкінің жарғылық капиталы 1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды. 2. Даму Банкi акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесiлi болады. 3. Даму Банкінің жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады. 4. Даму Банкінің жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және Меморандумға сәйкес айқындалатын қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 17-бап өзгертілді 17-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда 18-бап. Дивидендтік саясат Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.
4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті
06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді 19-бап. Даму Банкінің есеп саясаты 1. Даму Банкінің есеп саясатын Даму Банкінің директорлар кеңесi бекiтедi. 2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді 20-бап. Есептiлiк Даму Банкi: 1) ай сайын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы; |