Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару мерзімдері мен қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады: «43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.». 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын, 4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|