«Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 12-тармағын, 15-тармағының екінші бөлігін, 174-тармағын және 177-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|