«Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамын тарату туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамы таратылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Орталық жүзу бассейні» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1253 қаулысы; 2) «Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 372 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|