ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына 2-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы): ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ); халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Белгіленген үлгідегі жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|