ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1135 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін қараңыз
1. «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО - ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - бір айдан кешіктірмей; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|